Қызылордада далалық жерден адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылды

698

Cотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.

Қызылордада далалық жерден адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылды Фото: gov.kz

Аталған дерек бойынша 001 (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында, адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.

Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін. Әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу