Қызылордада денесі каналдан табылған қыздың өліміне күдікті ұсталды

Бұл туралы Полиция департаменті хабарлаған.  

Қызылордада денесі каналдан табылған қыздың өліміне күдікті ұсталды Фото: Әлеуметтік желіден

Айыпталушы Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді, – дейді департаменттің тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітов.

Жаза кеткен жөн, 3 маусым күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны полицияға канал шлюзінен қыздың денесі табылғаны туралы хабарлаған еді. Көп ұзамай, аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Марқұм қыздың туған-туыстары оның 2 маусым күні қас қарайғанда үйінен шығып, қайта оралмағанын айтқан болатын. 

Қызылорда облыстық полиция департаменті тергеу барысы басшылықтың қатаң бақылауында екенін еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу