Қызылордада деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіленді

464

Күдіктінің Атырау облысының тұрғыны екені анықталды

Қызылордада деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіленді Фото: Polisia.kz

21 маусым күні Қызылорда облысының полиция департаменті қызметкерлері Шымкент – Самара тасжолының 492-шақырымында Алматыдан Атырау қаласына бағыт алған Hyundai Sonata автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында көлік жүргізушісінен салмағы 212,92 грамм марихуана тәркіледі.

Қосымша тексеру барысында ұсталған азаматтың деструктивті діни ағым жақтаушысы, Атырау облысының тұрғыны екені анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру барысында оның қылмысы толығымен дәлелденді. Сырдария аудандық сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 34 500 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 612- бабының 3-бөлігімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу