Қызылордада дрон жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушіні анықтады

525

44 жастағы жүргізушіге айыппұл салынды.

Қызылордада дрон жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушіні анықтады Фото: gov.kz

Қызылордада дрон көмегімен жаяу жүргіншіге жол бермеген Lexus жүргізушісі анықталды. Құқық бұзушы 44 жастағы қала тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, жүргізуші бір жыл ішінде осыған ұқсас құқық бұзушылықты қайталап жасаған. Бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, жол ережесін бұзуды жалғастырған.

Сот шешімімен жүргізушіге айыппұл салынды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарға жол беруге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу