Қызылордада екі адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды

552

Жəбірленуші ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болған.  

Қызылордада екі адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды Фото: Polisia.kz

Бұл туралы  inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

24 сәуір күні полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары жүргізді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысқа күдікті азамат оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол УҰИ-ға қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу