Қызылордада эконауқанға белсенді қатысқандар шипажайға жолдама алды

624

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Birge: Taza Qazaqstan" республикалық тазалық науқанына белсенді түрде қатысқан азаматтарды марапаттады, деп жазады inbusiness.kz

Қызылордада эконауқанға белсенді қатысқандар шипажайға жолдама алды Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Күннің ыстығы мен желдің өтінде тынбай еңбек етіп жүрген қарапайым еңбек азаматтарына "Көкшетау", "Мерке", "Сарыағаш" және "Жаңақорған" емдік-сауықтыру шипажайларына 30 жолдама табысталды. Одан бөлек, акция нәтижесімен үздік  атанған 7 ауылдық округке су сорғысы берілді", - деп жазылған хабарламада. 

Өңір басшысы алдағы уақытта да көгалдандыру шараларына белсене атсалысуға шақырды.

Бұдан бөлек Нұрлыбек Нәлібаев сындарлы кезеңде азаматтық белсенділігі және ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы "Алғыс хатымен" марапаттады.

Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдан бастап конкурс арқылы "Үздік аудан орталығы","Үздік ауыл" және қала ішіндегі "Үздік мөлтек ауданды" анықталып, жеңімпаздарды қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер мен еріктілерден құралған тәуелсіз комиссия таңдайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу