Қызылордада елдегі ең ауқымды жылу-электр орталығы салынып жатыр

Жоба қуаттылығы – 240 мегават. 

Қызылордада елдегі ең ауқымды жылу-электр орталығы салынып жатыр Фото: inbusiness.kz

Президентіміздің тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан жобаның инвесторы – түркиялық компания, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтып өтті.

Еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыруға байланысты Президент тапсырмасына сәйкес, Сыр елінде ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы күні Қызылорда қаласында 215 млрд теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде. 

– Президентіміздің тікелей қолдауымен бүгінде инвестор – "Акса Энерджи" түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд теңге инвестиция салды. Орталық келер жылдың қыркүйек айында ел игілігіне табысталады. Құрылыс барысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына бой көтерген ең ауқымды, теңдессіз жоба, – деді Н.Нәлібаев.

Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін 773 қызметкер озық технологиялармен жабдықталған заманауи ғимаратта жұмыс істейді деп жоспарланған. 

Жалпы, тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу