Қызылордада фри шығаратын зауыт жұмысын бастады

575

Жаңа фри зауытында сағатына 300 келі өнім шығарылмақ. Өндірісте 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Қызылордада фри шығаратын зауыт жұмысын бастады Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада шежірелі аймақтың 85 жылдығы аясында "Kaz Fries" мұздатылған фри өндірісі зауыты пайдалануға берілді.

Өңірде "Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы", "Индустрияландыру картасы" шеңберінде өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған құны 980 млрд. теңге болатын 46 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Аграрлық салада күріш өңдейтін, балық ұнын өндіретін зауыттар ашылды. Жыл соңына дейін экспортқа бағытталған құс фабрикасы, көкөніс сақтау қоймалары және 3 күріш ақтау зауыты іске қосылады. Бұдан бөлек, сүт өңдейтін цех, әк және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты жұмысын бастамақ. Зауыт өнімдері аймақтың өңделген өнім үлесін арттыруға, тамақ өнеркәсібін дамытуға, жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу