Қызылордада газ-турбиналы электр станциясы салынады

1322

Қызылордада газ-турбиналы электр станциясы салынады

Сыр өңірінде қуаттылығы 50 мегаватт болатын газ-турбиналы электр станция салу жоспарлануда. Бұл туралы Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында облысқа жұмыс сапарымен барған Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды 24Хабар.

17 млрд теңгенің жобасы Еуразиялық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асады. Бүгінде Қызылорда облысы 135 мегаватт электр энергиясын тұтынып отыр. Оның 3/2-сін өзге өңірлерден сатып алуға мәжбүр. Оның үстіне Қызылорда жылу электр орталығы құрылғыларының 85%-ы тозған.

"Мен кеше Қызылордада Еуразиялық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездестім. Бұл жоба жалғасын табады. Энергетика министрлігі қолдау көрсететін болады. Жоба құнының 50%-ы бюджеттен бөлінсе, 50%-ын банк бөледі", – деді ҚР энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу