Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
"Аталған шара барысында Қызылорда қаласының халықаралық іздеуде жүрген 44 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол екі жылдан бері тергеуден бой тасалап жүрген болатын. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу