Қызылордада инвесторға заңсыз айыппұл салған шенеунік жауапқа тартылды

340

Облыстық экология департаментінің қызметкерлері инвесторға заңсыз айыппұл салған.

Қызылордада инвесторға заңсыз айыппұл салған шенеунік жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасы инвестордың құқығы бұзылғанын анықтады. Тексеріс Инвесторлардың құқығын қорғау комитетімен бірлесіп жүргізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, облыстық экология департаментінің қызметкерлері инвесторды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Бұл жайт инвесторлардың құқығын қорғау саласына жүргізілген талдау барысында белгілі болған.

Инвестор Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 139-бабы бойынша прокурордың міндетті келісімінсіз жауапқа тартылған. Ал заң бойынша инвесторларға қатысты кез келген әкімшілік шара прокуратурамен келісіліп қабылдануға тиіс.

Прокуратураның наразылығынан кейін заңсыз салынған айыппұлдың күші жойылды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін экология департаменті бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу