Этноауыл форматындағы шарада ақ күріштің атасы атанған Ы.Жақаевтың "Күріш туралы толғанысынан" үзінді, қазақтың дәстүрін насихаттайтын ауыл жастарының алтыбақан астындағы көңілді кешінің көрінісі, ақындар айтысы, "Бауырсақ PARTY", "Шұбат – қымыз FEST", "Қауын – қарбыз FEST" фестивальдерімен жалғасты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Думанды шарада бір мезетте 10 мың тұрғынға арналған 40 қазан күріш басылып, палаушылар сайысының жеңімпаздары анықталды. І орын иеленген азаматқа 150 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен аяқталды.