Қызылордада кәмелетке толмаған бала суға батып кетті

826

Оқиға спорт кешенінің бассейнінде орын алған.  

Қызылордада кәмелетке толмаған бала суға батып кетті

Қызылордада спорт кешенінің бассейнінде кәмелеттік жасқа толмаған бала суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қызылордадағы спорт кешендерінің бірінде кәмелеттік жасқа толмаған бала бассейнге батып кетті", – деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру 141-баптың 2-бөлігі (Байқаусызда кәмелетке толмаған адамның өліміне әкеп соққан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) және 306-баптың 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету).

"Кінәлі тұлғаны анықтау және оның әрекетіне құқықтық баға беру мақсатында қажетті сараптамалар тағайындалып, кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының жеке бақылауында", – деп сендірді тәртіп сақшылары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу