Қызылордада кәмелеттік жасқа толмаған қызының нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды

678

Қызылорда облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордада кәмелеттік жасқа толмаған қызының нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды Фото: canva.com

"Осы жылдың 7 қыркүйегінде тіркелген дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандар саудасы дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді", - делінген хабарламада.

Оқиғаға байланысты облыстық білім басқармасы түсініктеме беріп, бақылауға алынғанын жеткізді.

"Оқиға тіркелген уақыттан бастап білім бөлімінің қамқоршылық қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын орган мамандары бақылауға алды. Оған қатысты тиісті шаралар атқарылды. Бүгінгі таңда сәби кәмелетке толмаған анасының қолында екендігін жеткіземіз", - деді облыстық білім басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу