Қызылордада қамыс қоймасы өртенді

Қызыл жалынмен арпалысқа 4 өрт сөндіру көлігі, 5 тиегіш көлік және 80-ге жуық адам жұмылдырылды.   

Қызылордада қамыс қоймасы өртенді Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Әйтеке би кентінің батыс беткейіндегі қамыс қоймасынан өрт шықты. Оқиға орнына Қазалы аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері дер кезінде жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға бар күшін жұмсаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазалы ауданы әкімі баспасөз қызметінің дерегінше, өрт шыққан қоймаға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, барлығын бақылауда ұстауды тапсырған. Сонымен қатар, тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, өрт сөндірілмейінше оқиға орнында болуды жүктеген.

"Қазіргі таңда тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан аудан тұрғындарынан түсіністік танытуларын сұраймыз" делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

Қызыл жалынмен арпалысқа 4 өрт сөндіру көлігі, 5 тиегіш көлік және 80-ге жуық адам жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ. Өрттен келген зардап, яғни нақты қанша тонна қамыстың өртенгені туралы ақпарат алдағы уақытта белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу