Қызылордалық 34 жастағы әйел тұтыну кооперативін құрып, азаматтарға пайызсыз баспана және автокөлік алуға шақырып, салымшылардан ақша жинаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржылық пирамиданы құру) кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, бес жылға бас бостандығынан айырды. Жәбіршіленушілерге келтірілген шығын өтелді", – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу