Қызылордада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

310

Қызылорда облысында қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған ағайындылар сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызылордада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды Фото: yandex.kz

Ағайынды жігіттер 2020-2021 жылдар аралығында облыс аумағында "Qnet" құрылымдық бөлімшесін құрған.

Желілік маркетинг өнімдерін тарату бойынша бұл бағытта еліміздегі маркетинг бойынша қалыптасқан жағдайды меңгеруге көңіл бөлген.

"Еліміздің аумағында тыйым салынған қаржылық пирамида бойынша заңсыз қызмет пен ұйым туралы анық дәйекті түрде білгенімен аса ірі көлемде азаматтардың ақшалай қаражатын тартуға бағытталған әрекеттер жасаған. Осы активтерді қайта бөлу және басқа қатысушылардың жарнасы есебінен кейбір қатысушыларды байыту жолымен ұйымдастырып отырған. Аталған қаржы пирамидасынан 40 салымшы зардап шеккен. Шығын көлемі - 53 млн теңге. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын салымшыларға толық қайтарылды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қызылорда облысында интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ қолға түскен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу