Қуанышты жаңалықты kyzylorda-news хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Нәресте Қызылорда облысының Жалағаш ауданында сайлау күні Қорғанбаевтар отбасында ұл бала дүниеге келген. Саяси науқан сәтінде дүниеге келген сәбиге атасы Жұматай Қорғанбаев Қасым-Жомарт деп ат қойыпты.
"Елдің қамын ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағына жұмыс істейтін азамат болсын деп, есімін Қасым-Жомарт қойдым. Ал бүгінгі сайлауда кімге дауыс бергенім құпия болсын", – деді кішкентай Қасым-Жомарттың атасы.
Нәрестенің салмағы – 4 келі 400 грамм, бойы – 55 см. Сәби мен анасының жағдайы жақсы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу