Ол сол күні демалыс орнына отбасымен барған.
Қайтуға жиналып жатқанда баланы құтқаруды сұраған дауыс естіген.
Бірден суға секіріп, баланы сыртқа аман алып шығыпты. Жасөспірім дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
"Аталған әрекетімді ерлік деп санамаймын. Өзім де әкемін, 8 балам бар. Бұл баланы тоғызыншы балам деп есептеймін", – дейді ол.
Жасөспірім жүзуді білмейді екен. Судағы қорқынышымды жеңемін деп 3 метрлік бассейнге сүңгіп кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу