Қызылордада киік атқандар ұсталды

Екі браконьерден 80-ге жуық киік ұшасы мен 9 дана 12 калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.  

Қызылордада киік атқандар ұсталды Фото: polisia.kz

Ірі көлемде киік етін алып келе жатқандар әуелгіде полициядан қашпақшы болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі

Оқиға 2024 жылы 6 ақпан күні сағат 22:30 шамасында Қызылорда қаласындағы "Жезқазған-Қызылорда" тасжолында болған.

"Браконьер" іс-шарасы аясында қызылордалық полицейлер "Toyota Hilux" және "Toyota land cruiser" автокөліктерін тоқтатқанымен, күдіктілер заң талаптарына бағынбай қашқан.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қарап тексеру барысында бір көліктен 29 бас, екіншісінен 47 бас киіктің ұшасын, сонымен қатар үшінші көліктен 9 дана 12 калибрлі оқ дәрілерді анықталып, тәркіленді.

"Аталған дерек бойынша ұсталған 35 және 28 жастағы қала тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі таңда тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы шешілуде", - деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті.

"Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының 2 дерегі анықталған. Бұдан бөлек 9 дана киік ұшасының алыну деректері бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу