Қызылордада кішкентай бүлдіршін құлыптаулы көлікте қалып қойған

188

Құтқарушылар оны көліктен аман-есен шығарып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордада кішкентай бүлдіршін құлыптаулы көлікте қалып қойған Фото: Аргументы и факты

Құтқарушыларға анасы қоңырау шалып, баласы жеңіл автокөліктің ішінде құлыпталып қалғанын хабарлаған. Оқиға Қызылорда қаласында Әбілхайыр хан көшесінде болған.

"Жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен есікті зақымдамай ашты. Бала зардап шеккен жоқ",  делінген хабарламада.

Белгілі болғаны – анасы үлкен ұлын мектепке алып келіп, мектепке дейін шығарып салған, сол кезде көліктің кілті ішінде қалып қойған. Әйел есікті аша алмаған соң құтқарушыларға жүгінген.

Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу