/img/tv1.svg
RU KZ
FTSE 100 7 017,88 DOW J 27 086,88
Hang Seng 26 648,18 KASE 2 335,54
РТС 1 436,04 Алтын 1 648,10
Қызылордада көгілдір отын қымбаттамайтын болды

Қызылордада көгілдір отын қымбаттамайтын болды

«ҚазТрансГаз» компаниясы көгілдір отынның тасымалдау ақысын 22,5 теңгеге көтеретіндерін хабарлаған болатын.

31 Қазан 2019 09:54 2956

Қызылордада көгілдір отын қымбаттамайтын болды

Жуырда аймақтық «ҚазТрансГаз» компаниясының өкілдері келер жылдан бастап Қызылорда облысында табиғи газ бағасы көтерілетінін айтқан болатын. Бұл ұсынысқа облыс халқы қарсылықтарын білдіріп, әлеуметтік желілерде кеңінен талқылауға ұласты.

Көгілдір отын бағасы не себептен және қаншалықты көтеріледі деген сұраққа компания өкілдері өз уәждерін білдірген еді. Олардың айтуынша, тариф 2020-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында көтерілмек. Осы мақсатта олар табиғи монополияларды реттеу комитетіне өтініш те жасаған. Мәселені қоғам белсенділері жергілікті қоғамдық тыңдауда да талқылаған. Онда «ҚазТрансГаз» компаниясы көгілдір отынның тасымалдау ақысын 22,5 теңгеге көтеретіндерін айтқан. Бұл облыс тұрғындары үшін газдың 18,6 теңгеден 32 теңгеге дейін қымбаттауына әкелмекші. Компания өкілдері осылайша тасымал тарифтерін өсіру арқылы аудандар мен облыс орталығында жоғары қысымды газ құбырларын тартуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Дегенмен қоғамдық тыңдауға келгендер компанияның бұл ұсынысын құп көрмеді.

Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин әлеуметтік желі арқылы «Газ тарифі өспейтіндігін, керісінше төмен түсіруге табиғи монополияларды реттеу департаментімен жұмыс жүріп жатқандығын жеткізді.

«Мен де, облыс тұрғыны ретінде табиғи газдың шекті бағасының қымбаттауына қарсымын», – дейді ол.

Айта кетер жайт, газ тарифінің нақты бағасы 22 қарашада еліміздің Энергетика министрлігінде бекітіледі.

Нұрбек Дәуренбеков

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы қымбаттады

Ақтөбе облысында ай сайын 9 мың тонна сұйытылған отын алуға рұқсат бар. Ал негізгі сұраныс 11-12 мың тоннаға жеткен. 

11 Желтоқсан 2019 18:01 167

Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы қымбаттады

Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі уақытта сұйытылған газ құю бекеттерінде баға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысында ай сайын 9 мың тонна сұйытылған отын алуға рұқсат бар. Ал негізгі сұраныс 11-12 мың тоннаға жеткен. Әлеуметтік сұйытылған отын лимиті таусылған кезде газ биржадан алынады. Биржадағы баға қымбат, сәйкесінше газ құю бекеттерінде баға көтеріліп, талон тәртібі енгізіліп жатыр.

«Тұтынушылардан шағым түсті. Газ талонмен сатылған және баға көтерілген. Сонымен қатар газ жеткізушілер жекелеген жанар-жағармай құю бекеттеріне басымдық беріп, кейбірімен келісімшартқа қол қоюдан бас тартып отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті заң талаптарының бұзылғанын анықтап, компанияларға хабарлама жіберді. Хабарлама алған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде қателіктерді жою міндеттеледі. Егер хабарлама орындалмаған жағдайда, субъектіге қатысты тергеу тағайындалатын болады», – деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Хайдар Ермашев.

Қазір облыста 150-ге жуық газ толтыру станциясы бар. Газдың бөлшек саудадағы бағасы 55-70 теңге аралығында болып тұр. Мемлекеттен бөлінетін арзандатылған әлеуметтік мұнай газының бағасы 1 тоннаға 43 345 теңгені құрайды.

Департамент газ құю бекеттері мұнай газының бөлшек саудадағы бағасын зерттеп, кейбір газ толтыру бекеттеріндегі талонмен сатуды қаншалықты заңды екенін анықтайды.

«Хазар мен Қаламқас-теңіз» жобалары Қазақстанға қайтарылды

Аталған аймақтарды елге қайтарылғаны туралы Энергетика министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

11 Қараша 2019 12:47 210

«Хазар мен Қаламқас-теңіз» жобалары Қазақстанға қайтарылды

«Министрлік жобаны жүзеге асыру бойынша арнайы Жол карта әзірлеуде»,делінген ведомства таратқан хабарламада.

Бұған дейін халықаралық консорциум акционерлері NCOC (North Caspian operating company) мен Shell бұл жобалардан шыққанын айтқан. Мұның басты себебі ретінде аталған компаниялар Хазар мен Қаламқас-теңіздің экономикалық тиімді еместігін көрсеткен.

Бұл ретте Энергетика министрлігі геологиялық барлау саласын реттеу жеңілдетілгендіктен теңіз жобаларын жүзеге асыру көлемі ұлғайғанын айтты.

«2025 жылға дейін Исатай, Абай, Жеңіс жобалары бойынша жоспарланған инвестиция көлемі 136 млн доллар көлемінде»,деді Энергетика министрлігі.

Жаңалықтарға жазылу: