Қызылордада көлік пен автобус соқтығысып, бір адам мерт болды

469

Оқиға орнында жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмған.

Қызылордада көлік пен автобус соқтығысып, бір адам мерт болды Фото: dzen.ru

Қызылорда қаласында жеңіл көлік қоғамдық автобуспен соқтығысып, оқиға орнында бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде жазылған мәлімет бойынша, оқиға 27 маусымда болған. Қоғамдық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Оқиға орнында жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмған.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық Полиция департаменті төмендегіше түсініктеме берді.

"Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп мәлім етті департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу