Қызылордада 18 адамды алдаған алаяқтар сотталды

288

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қызылордада 18 адамды алдаған алаяқтар сотталды Фото: canva.com

Қызылордада алаяқтар адамдардың көлігін сатып береміз деп, жосықсыз келісімшарт жасасып, артынша сан соқтырып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 4-тармақтары, яғни алдау жолымен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде бірнеше рет жымқыру бойынша қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралды.

– Сотталушылардың бірі 2024 жылы автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату мақсатында "Suncar auto" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеген. Сыбайласы екеуі сол серіктестіктің автосалоны арқылы сатып беретінін, сатылмаған жағдайда 14 жұмыс күні ішінде ақшасын қайтаратынына сендіріп, бірнеше жәбірленушіні алдап, жосықсыз келісімшарт жасаған. Көлікті өздерінің атына аудартып әрі сатып, сатқаннан түскен қаржыны өз мақсаттарына жаратып отырған, – делінген хабарламада.

Сотталушылардың кінәсі өздерінің сотта берген жауабымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру, беттестіру хаттамаларымен дәлелденді.

Сотталушылардың бірі Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 4-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал сыбайласы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 4-тармақтарымен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот шешімімен 18 жәбірленушіге көліктері, ал 1 жәбірленушіге қаржылай қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу