Қызылордада көліктен мәйіт табылды

801

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды.

Қызылордада көліктен мәйіт табылды

Қызылордада көлік ішінен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиға Қызылорда қаласында болды. Адам мәйітінің табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

"Тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 26 және 41 жасар екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктілер Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды",–деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейтінін мәлімдеді.

Бұдан бұрын Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу