Қызылордада көпбалалы отбасылар үшін баспана құрылысы басталды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Сыр өңірінде аз қамтылған және көпбалалы 150 отбасы облыстық бюджет қаражаты мен "Болат Өтемұратов қорының" қайырымдылық көмегі арқасында тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Баспаналар бюджеттен – 50 және қор есебінен 100 отбасыға салынады. Баспананың 1 шаршы метрінің құны 70 мың теңгені құрайды. Тұрғын үй құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланған.
"Болат Өтемұратов қоры" тұрғын үйлерді салу бойынша "Баламекен" жобасының жүзеге асырылуына 450 млн теңге бөлді. Ал жергілікті басшылық бұл уақытқа дейін барлық инженерлік инфрақұрылымдар – электр, газ, су, телефон байланысы мен автожолдар құрылысын аяқтауға, сондай-ақ әрбір үйге 6 сотық жер телімін бөлуге кепілдік беріп отыр.