Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды

453

Оқиға 17 желтоқсанда сағат 00:00 шамасында болған.

Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды

Сол уақытта облыс орталығында орналасқан сол жағалаудағы көпірден ер азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама 102 арнасына түскен.

"Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында азамат қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу