Қызылордада "көзге көрінбейтін" камералар пайда болды

101

Жол-көлік оқиғасына мұндай әдістерді қолдану халықаралық тәжірибеде бар көрінеді. 

Қызылордада "көзге көрінбейтін" камералар пайда болды Фото: Қызылорда облыстық ПД

Жылт еткен көлік жылдамдығын бақылауға арналған "көзге көрінбейтін" камералар туралы ақпаратты облыстық полиция департаменті растап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Департаментегі арнайы белгілері жоқ қызметтік автокөліктерге жылдамдықты автоматты түрде анықтайтын "Ekin X-Spotter" атты құрылғылар орнатылды.

Ведомствоның жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұратбек Манатовтың сөзінше, бұл камералардың тиімділігі дәлелденген. 

– Облыс орталығында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісіне талапты күшейту мақсатында құқық бұзуды тіркейтін мобильді автоматтандырылған кешендерді пайдалана отырып, жасырын патрульдеу тәжірибесі қолданысқа енгізілді. Мұндай кешендерді қолдану халықаралық тәжірибеге сай келеді. Жасырын патрульдеу бірнеше мемлекетте кеңінен қолданылып, жол үстіндегі құқық бұзудың алдын алу бағытында тиімді құрал ретінде дәлелденді, – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу