Қызылордада күріш көлемі қысқарады

251

Көктемгі егіске облыс бойынша 22 230 тонна күріш тұқымы құйылды. Оның басым бөлігі – "Лидер", "Янтарь", "Маршал" сорттары.

Қызылордада күріш көлемі қысқарады Фото: canva

Биыл Қызылорда облысында 193,7 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметіне сүйенсек, дәндi дақылдар көлемі – 92,1 мың гектар, майлы дақылдар – 5,5 мың гектар, мал азығы – 78,6 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша – 17,5 мың гектар. 

"Жыл басында ғылыми негізделген ауыспалы егіс тәртібіне сәйкес суармалы судың жағдайына байланысты 85,9 мың гектар жерге күріш дақылын егу жоспарланған болатын. Дегенмен, бүгінгі күнгі су көлемінің төмендеуіне және Үкімет бекіткен жол картасына байланысты күріш көлемін 80,9 мың гектарға қысқарту қажет болып отыр", - деді басқарма басшысы Талғат Дүйсебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу