Қызылордада күріш қымбаттаған

1865

Соңғы екі айда күріштің келісі 280 теңгеден және одан да жоғары бағада сатылған.

Қызылордада күріш қымбаттаған

Қызылорда облысында күріштің бағасы артып кетті. 180-200 теңгенің орнына соңғы екі айда күріштің келісі 280 теңге және одан жоғары бағада сатылуда, деп хабарлайды kazakh-zerno.net.

2018 жылы күрішке деген сұраныс үлкен болды. Оған себеп, Өзбекстан мен Ресейде күріш көлемінің азаюы. Нәтижесінде, қызылордалық күрішке деген сұраныс артып, экспорт көлемі өсті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың сөзінше, байбалам салудың қажеті жоқ. Себебі Қызылордада 15 әлеуметтік дүкен бар. Ол жердегі күріштің бағасы бұрынғыдай.

"Біз күріш өсірушілерге қайда, қанша өнім жіберу қажет екенін айта алмаймыз. Облыстың тұрақтандыру қорында қажетті өнім көлемі бар. Мүмкіндігі бар адамдар осы бағаға алсын. Тамыз айының соңында жаңа өнім шығып, баға қайта тұрақтанады", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Жаханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу