Оның ішінде 1364-і – 14 жасқа дейінгі балалар, ал 365-і – бір жасқа толмаған сәбилер. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі екпе алмағандар екені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өткен жылы Қызылорда облысында қызылша ауруының 1557 жағдайы анықталды, оның 1364-і – балалар арасында тіркелсе, 193-і – ересектерге тиесілі. Әсіресе, бір жасқа толмаған 365 сәби бұл ауруға шалдыққан.
Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қызылша ауруының таралу көрсеткіші соңғы уақытта төмендеген. Дегенмен, сырқаттанғандардың 72%-ы ауруға қарсы екпе алмағандар болып отыр. Екпе алмағандардың қатарында медициналық қарсы көрсетілімі бар, егілетін жасқа толмаған, екпеден бас тартқандар және жоспарлы вакцинациядан өтпегендер бар.
"Қызылшаға қарсы екпе жұмыстарының тиімділігі жоғары. Вакцинация – аурудың таралуын азайтуда ең тиімді әдіс. Осыған байланысты қосымша егу жұмыстары жалғасуда", – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.