Қызылордада мақсатты пайдаланылмаған 900 гектар жер қайтарылды

188

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің жоспардан тыс тексерісі нәтижесінде 900 гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің ұзақ уақыт мақсатты пайдаланылмағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордада мақсатты пайдаланылмаған 900 гектар жер қайтарылды Фото: ҚР АШМ

Одан кейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне құқық бұзушылықтарды жою жөнінде міндеттеме берілген. Алайда қажетті шаралар қолға алынбаған.

Уәкілетті орган кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар, департамент жер телімін тартып алу туралы талаппен Арал аудандық сотына арызданды. Сот уәкілетті органның талаптарын толық қанағаттандырып, жер телімін мемлекет меншігіне қайтарды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу