Қызылордада медициналық колледж түлектеріне грант бөлінді

2398

Қызылордада медициналық колледж түлектеріне грант бөлінді

Қызылорда облысында медициналық колледж түлектері жоғары оқу орындарда тегін білім алуға мүмкіндік алып отыр. Ақхалатты абзал жандардың кәсіби мерекесі қарсаңында аймақ басшысы 20 грант бөлді. Сондай-ақ біліктілік арттыруға арналған резидентураға 25 маман жіберіледі, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы облыс бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен қажетті мамандықтарға қайта даярлауға өткен жылы 68 млн теңге бөлінсе, биыл ол сома 2 есеге ұлғайып отыр. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында саланың үздік дәрігерлеріне 500 мың теңгенің сертификаттары табысталды.

Айта кетсек, соңғы жылдары аймақ дәрігерлерінің сапалы әрі жүйелі қызметі нәтижесінде өлім-жітім 4 пайызға төмендеп, сырбойылықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасты құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу