Дегенмен, сенімгерлік басқарушы есеп тапсыру, тапқан пайдасының 50 пайызын сыйақы ретінде және таза кірісінің бөлігін мемлекетке төлеу жөніндегі шарттарды орындамаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ал, әкімдік бұл міндеттемелердің орындалу барысына бақылау жасамаған. Бұл іске Қызылорда қаласының прокуратурасы араласып, 900 млн теңге құрайтын мүлікті мемлекетке қайтарды.
"Прокуратура араласқаннан кейін құны 700 млн теңгені құрайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон және 326 га көлемінде, құны 210 млн теңгені құрайтын 16 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды", - делінген хабарламада.