Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

887

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

Ондағы деректерге қарағанда, 3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің "102" арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен.

Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады",-делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу