Қызылорда облысында "ҚазАвиаҚұтқару" АҚ тікұшағы арқылы науқас сәби емдеу мекемесіне жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгін санитарлық авиация тапсырысы бойынша науқас сәби Жаңақорған ауданынан Қызылорда қаласындағы облыстық балалар ауруханасына "ҚазАвиаҚұтқару" мекемесінің әуе көлігімен шұғыл жеткізілді. Экипаж құрамында 2 медицина қызметкері бар", - делінген Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаметінің хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу