Анықталғанындай, оқиға Жалағаш ауданының орталығында болған. Жас жігіт қаруды көше бойында қолданады.
"Аталған оқиғаға байланысты "Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне" Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, толық және обьективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа дерек жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.