Қызылордада атыс кезінде жараланған жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды КазТаг.
"Зардап шегуші облыстық медициналық орталыққа ауыр жағдайда түсті, ол ауруларды қабылдау бөлмесінен бірден жан сақтау бөліміне жатқызылды. Науқасты тексеру жүргізілді, "құрсақ қуысы оқтан жарақаттанған, ішкі ағзалары зақымданған, төртінші дәрежелі геморрагиялық шок диагнозы қойылды. Жараланған 18 жасар жасөспірімге күрделі ота жасау бірнеше сағатқа созылған. Шұғыл түрде жасалған жан сақтау шараларына қарамастан ол кешкісін көз жұмды", - деп хабарлады Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева сәрсенбі күні.
Еске салсақ, 27 наурызда Қызылордада қала орталығында 7-8 адамнан тұратын жас балалар арасында төбелес болып, оқ атылған. Нәтижесінде оқтан жараланған бір адам облыстық медициналық орталыққа жеткізілген.
Полиция ҚР ҚК 259 бабы 3 бөлімі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.