Қызылордада оқушы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған жігітке сот үкімі шықты

171

Ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Қызылордада оқушы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған жігітке сот үкімі шықты Фото: lsm.su

Қызылордада 16 жастағы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған жігітке сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот мәліметінше, ер адам қыздың кәмелет жасына толмағанын біле тұра жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Сотталушының қылмысы мұнымен бітпейді. Ол алаяқтық жолмен жерді бір мезгілде бірнеше адамға сатқан. Осылайша жәбірленушілерді облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмысқа орналастыруға уәде еткен. 

Сот оның кәмелет жасына толмаған балалары барын жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Нәтижесінде ол 6 жыл 8 айға сотталды. 

Тағы екі іс есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға итермелеу және сату бойынша қозғалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу