Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлегендерге сот үкімі шықты

432

Іс жабық сот отырысында қаралды. 

Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлегендерге сот үкімі шықты Фото: Голос Народа

Қызылордада 16 жасар оқушы қызды жыныстық құлдықта ұстап, жезөкшелікке мәжбүрлеген айыпталушыларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бір топ адамға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты Қылмыстық Кодекстің 194-бабы (Ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқытып алушылық), 110-бабы (Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау), 134-бабы (Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Іс жабық сот отырысында қаралды.

Белгілі болғандай, сотталушылардың кінәсі дәлелденген. 

Сот үкімімен кәмелетке толмағандар М.Н., А.Ж., Қ.Д. оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тартуға мәжбүрлеу, ірi мөлшерде пайда табу мақсатында жасалған қорқытып алу, азаптау баптары бойынша кінәлі деп танылып, оларға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды. 

Сотталушы Б.А. күш қолдану арқылы жәбірленушіні әрекеттер жасауды талап ету бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  

Сотталушылар Т.Ұ. және Қ.А. қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдескені, ірi мөлшерде пайда табу мақсатында жасалған қорқытып алу бойынша кінәлі деп танылды. Олар 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылар Т.А., Б.А. және Т.Д. оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға және ірi мөлшерде пайда табу мақсатында жасалған қорқытып алу бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу