Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу ісі бойынша ұсталған күдіктілер саны сегізге жетті

436

Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерге қатысты тергеудің мән-жайын бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу ісі бойынша ұсталған күдіктілер саны сегізге жетті Фото: vesiskitim.ru

Аталған іс Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша тергеліп жатыр.

"Сонымен қатар қылмыстық іс аясында бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр, оның ішінде притон ұйымдастыру, бопсалау, есірткі тұтынуға итермелеу, азаптау және т.б. бар", – делінген министрлік жауабында.

Бұдан бөлек іс аясында 8 күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпас шарасы тағайындалған, бір адам үйқамаққа алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу