Қызылорда облысында 9-сынып оқушысының өліміне алып келген ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл оқиғаны Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, төмендегіше түсініктеме берді.
– Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, аталған қылмысқа қатысы бар тағы 2 адамға қатысты бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу