Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалды

351

ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жасар оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық істі тергеудің мән-жайын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалды Фото: canva.com

Министрлік Қызылорда облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Бұдан басқа, осы қылмыстық іс шеңберінде ҚК бірнеше бабы бойынша, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру және жеңгетайлық (309-бабы 2-бөлігі), бопсалау (194-бабы 2-бөлігі), есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіргені үшін (299-бабы 3-бөлігі), азаптау үшін (110-бабы 1-бөлігі), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (140-бабы 1-бөлігі) тергеу жүріп жатыр", - деп жауап берді министрлік редакцияның ресми сұрауына.

Сондай-ақ осы фактілер бойынша 8 күдіктіге сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, біреуі үйқамақта.

Бұдан басқа, осы факті бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесінде Қызылорда облысы ПД бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу