Өрт облыс орталығындағы С. Бедебеков көшесінде орналасқан №22 тұрғын үйдің ауласынан басталады. Ұзындығы 20 метрлік ағаш қоршау мен монша шатыры өртенген.
"Жалын одан кейін У. Төрәлиев көшесіндегі №23 тұрғын үй ауласындағы ауданы 200 шаршы метр болатын қураған шөптерді шарпиды. Салдарынан сол аумақта тұрған "Mersedes-benz 1217" маркалы жүк көлігінің кабинасына от тиеді. Сол көше бойындағы №21, №25 жеке тұрғын үйлердің сыртқы пеноплекс қаптамасын, суағарын, пластик терезесін зақымдаған. Қаза болғандар мен жарақаттанғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.