Қызылордада өрт кезінде 6 адам қауіпсіз жерге шығарылды

411

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері алты адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.  

Қызылордада өрт кезінде 6 адам қауіпсіз жерге шығарылды Фото: Бейнежазбадан

Қызылорда қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінен шыққан өрт кезінде алты адам, оның ішінде екі бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 пультіне Бейбарыс көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің балконы ашық жалынмен жанып жатқанын анықтап, өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы 6 адамды, оның ішінде екі баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу