Қызылордада орын алған кісі өліміне жасөспірім кінәлі болуы мүмкін

960

Қылмыстық оқиғаның құрбаны да кәмелет жасқа толмаған.

Қызылордада орын алған кісі өліміне жасөспірім кінәлі болуы мүмкін

Polisia.kz хабарлауынша кәмелет жасына толмаған адам өліміне күдікті болып отыр.

"2 ақпан күні Қызылорда қаласында орын алған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99- бабының 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде. Мәліметтер бойынша, орын алған оқиға құрбаны кәмелет жасына толмаған азамат екені анықталды",– делінген хабарламада.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мəн-жайы анықталуда.

"Күдікті ретінде кəмелетке толмаған тұлға ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды",–делінген хабарламада.

Қалған мəліметтер заң  талаптарына сəйкес әзірге жария етілмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу