Қызылордада оттегі өндіретін цех салынады

1322

Жоба құны – 80 млн теңге.

Қызылордада оттегі өндіретін цех салынады

Қызылорда облысының емханаларында  оттегі баллондары жетпей жатыр. Аймақ басшылығы бұл проблеманы шешу үшін облыстық көпбейінді аурухана жанынан оттегі өніретін цех салмақшы.  Әкім Гүлшара Әбдіқалықова БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып, осындай жоспарымен бөлісті.

"Кеше мемлекеттік емханаларды аралау барысында бірқатар емхана басшылары негізгі проблеманың бірі ретінде оттегі баллондарының жетіспеушілігін атады.  Осыған орай облыс ауруханаларын оттегі баллондарымен қамтамасыз ету үшін  өрт сөндіруші мекемелермен бірлесіп жұмыс істеу туралы тапсырма берілді.  Сонымен қатар облыстық көпбейінді аурухана жанынан оттегі өндіретін цех салу жұмыстары қолға алынып,  облыстық бюджеттен 80 млн теңге қаржы бөлінді", – деді әкім.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу