Қызылордада IT жобаларға 13,1 миллиард теңге жұмсалады

608

Қызылордада 26 IT жоба іске асатын болса, оның бесеуі негізгі салаға, алтауы басымдықты салаларға бағытталады.

Қызылордада IT жобаларға 13,1 миллиард теңге жұмсалады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, денсаулық сақтау саласына енетін ІТ жобалардың әсерінен жүкті әйелдерге көрсетілетін қызмет сапасы артады. Өңірде бала өлімін азайту, туа біткен ауруларды ерте анықтау, созылмалы ауруларға жұмсалатын шығындарын азайту көзделген.

Көлік саласында өндіріске үш жоба енгізіледі. Облыстық бюджеттен 2 жобаға 38,7 млн. теңге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы бір жобаға 800 млн теңге қаралған. Осы арқылы көлік ұйымдарының салық түсімдері 20%- ке, табысы 30%-ке өседі. Кондукторлардың төлемдерді заңсыз иемденуі 90%-ға азаяды. Жолаушылардың қоғамдық көлікті күту уақыты қысқарып, жедел ақпараттандырылады.

Ауыл шаруашылығы бағытындағы ІТ жобалар құрғақшылық, зиянкестердің көбеюі сынды кризистік сәттерді болдырмау үшін пайдаланылмақ.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу