Қызылордада полицейге дөрекілік көрсеткен жасөспірімге қылмыстық іс қозғалды

101

Әлеуметтік желіде Қызылордада бір топ жасөспірімнің полиция қызметкеріне дөрекілік танытқан сәті бейнеленген видео тарады.   

Қызылордада полицейге дөрекілік көрсеткен жасөспірімге қылмыстық іс қозғалды Фото: Polisia.kz

Жазба Instagram желісіндегі Livenews.kz парақшасында жарияланған. Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаның өңір аумағында болғанын растады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ресми мәліметке сүйенсек, оқиға 10 маусым күні таңғы 5:30 шамасында болған. Құқық қорғаушылар облыс орталығындағы аудандардың бірінде тыныштықты бұзу дерегі бойынша шақыртылған. Тексеру кезінде бір топ жасөспірім ұсталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың кейбірі түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүргені үшін жазаланды.

Ал жасөспірімдердің біріне полиция қызметкерін қорлағаны үшін Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалды. Сонымен қатар, олардың ата-аналары да бала тәрбиесі бойынша міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құрмет көрсету – заңға деген құрметтің көрінісі екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу