Қызылордада полиция бет-жүзді тұмшалауға қатысты талапты көпшілікке түсіндірді

92

2025 жылдың 12 шілдесінен бастап елімізде қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киім мен аксессуарларды киюге тыйым салынды.  

Қызылордада полиция бет-жүзді тұмшалауға қатысты талапты көпшілікке түсіндірді Фото: polisia.kz

Бұл шара құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында енгізілген. Сонымен қатар заңда бірқатар ерекше жағдай қарастырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бетті жабуға рұқсат етіледі:

  • қызметтік міндеттерді атқару кезінде қорғаныс құралдарын қолданатын мамандарға;
  • медициналық көрсеткіштер бойынша, соның ішінде медициналық маскаларды тағуға;
  • төтенше жағдайлар кезінде;
  • қолайсыз ауа райында – қатты аяз, шаңды дауыл және т.б.;
  • спорттық, мәдени және мерекелік іс-шаралар кезінде.

Бұл талап – дінге қарсы бағытталған шара емес, керісінше, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданған шешім.

Осы мақсатта Қызылорда облысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салу жөнінде түсіндіру жұмысын жалғастыруда. Бұл жұмыс құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жүргізілуде.

Полицейлер заң талаптарын бұзғаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу